2024 АҚШ президент сайлауы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

2024 АҚШ президент сайлауы
Сайлаушылар алқасының 538 мүшесі
Жеңу үшін сайлаушылардың 270 даусы қажет
5 қараша 2024
Джо Байден – Демократ
Серіктес: Камала Харрис
(болжамды)
Дональд Трамп – Республикашыл
Серіктес: Джей Ди Вэнс
2024 АҚШ президент сайлауы
АҚШ президенті және АҚШ вице-президенті
Босатушы
Джо Байден
Демократ

2024 жылғы 5 қарашаға жоспарланған 2024 жылғы АҚШ президент сайлауы ел тарихындағы 60-сайлау болады.[1] Сайлаушылар келесі 4 жыл бойы қызмет атқаратын президент пен вице-президентті сайлайтын болады. Қазіргі президент және демократ Джо Байденнің қайта сайлану үміті бар.[2] Оның республикашыл ізашары Дональд Трамп та осы сайлауға қатысатынын мәлімдеген.[3] Сайлау жеңімпазының инаугурациясы 2025 жылғы 20 қаңтарда орын алады. Президент сайлауымен қатар сол күні АҚШ халқы Сенаты мен Өкілдер палатасын және жергілікті әкімшіліктерді сайлайтын болады.

12 наурызда Байден мен Трамп делегаттардың көпшілігін жеңіп, тиісінше Демократиялық және Республикалық партиялардың болжамды үміткерлері болды, бірақ олар әлі партиялық съездерде бекітілмеген.[4] Партиясыз кандидат болған Кіші Роберт Кеннеди 1992 бергі ең көп дауыс жинаған үшінші партияның президенттікке кандидаты болып шықты.

Аборт,[5] иммиграция, денсаулық сақтау,[6] білім,[7] экономика,[8] сыртқы саясат,[9] шекара қауіпсіздігі,[10] ЛГБТ құқықтары,[11] жаһандық жылыну,[12] және демократия[13] науқанның жетекші мәселелері болады деп күтілуде.

Сайлау жүйесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үміткерлерге қойылған талаптар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АҚШ Конституциясының екінші бабына сәйкес, Президент болып сайлану үшін үміткер тумысынан АҚШ азаматы болуы керек, кемінде 35 жаста болуы және елде кемінде 14 жыл тұруы керек. Жиырма екінші түзету президенттікке екі реттен артық сайлануға тыйым салады. Үміткерлер өздерінің саяси партияларынан, әдетте, праймериздердің нәтижелері бойынша ұсынылады, олардың барысында партиялық съезде белгілі бір үміткерге дауыс беруге уәкілеттік берілген делегаттардың саны айқындалады. Партия съезі сонымен қатар тиісті тізімдерді қалыптастыру үшін вице-президенттікке үміткерді анықтайды. Қарашадағы жалпы сайлау жанама сайлау болып табылады, онда сайлаушылар сайлау алқасының мүшелеріне белгілі бір үміткерге дауыс беруге "рұқсат береді".

Сайлауға араласу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамп 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелеріне күмән келтіреді.[14][15] Сайлау алдындағы сауалнамалар қарапайым америкалықтар арасындағы демократияның жағдайына қатты наразылық білдірді.[16][17][18] Либералды көзқарастарды жақтаушылар консерваторлар елге автократиялық тенденциялармен және 2020 жылғы сайлауды жою әрекеттерімен қауіп төндіреді деп санайды.[19] Көптеген республикашылар Трамптың Мемлекеттік қызметке орналасуына жол бермеу ниетіне алаңдайды.[20]

Алғышарттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тағы қараңыз: 2020 АҚШ президент сайлауы

2020 жылғы 3 қарашада өткен 2020 АҚШ президент сайлауы нәтижесінде Джо Байден елдің 46-президенті болып сайланды да, ізашары Дональд Трамп президенттігін тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда Трамп қолдаушылары сайлау нәтижелерімен келіспеді де, 6 қаңтарда Капитолийге басып кірді.[21]

Колорадо Жоғарғы соты,[22] Иллинойс штатының аудандық соты[23] және Мэн штатының Мемлекеттік хатшысы[24] Трампты АҚШ Конституциясына он төртінші түзетудің 3-бөліміне сәйкес лауазымды атқаруға құқығы жоқ деп шешті. 6 қаңтардағы Капитолийге шабуылдағы рөлі және осылайша оны сайлау бюллетеніне қатысудан айыруға әрекет жасады.[24] Алайда, 4 наурызда АҚШ Жоғарғы соты штаттар ұлттық сайлауға ешбірдің қатысу құқығын анықтай алмайды деп бірауыздан шешім қабылдады.[25]

Демократиялық партия мүшелерінің арасында Джо Байденнің орнына басқа үміткер ұсыну идеясы талқыланды,[26] алайда сарапшылар кандидаттың ауысуын да, Байденнің өз сайлауалды науқанын тоқтатуын да екіталай көреді.[27]

Үміткерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Демократиялық партия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Демократиялық партияның президенттік праймеризіндегі ағымдағы дауыс беру нәтижелері (2024).    Джо Байден     Джейсон Палмер (ағыл.)

Қызметтегі президент Джо Байден 2023 жылдың басында өзінің қайта сайлануға үміті бар болғанын ресми түрде жариялады.[21] Алайда елдегі өскен инфляция, құпия құжаттардың жария болуы жайлы дау, даулы болған АҚШ әскерін Ауғанстаннан алып тастау шешімі[21] және үлкен жасы (инаугурациясы кезінде Байден АҚШ тарихындағы жасы ең үлкен президенті болды)[28] Байденнің қолдауына үлкен нұқсан келтіреді. 2024 жылғы наурызда жасалған сауалнама бойынша АҚШ халқының көпшілігі Джо Байденнің президенттікке «тым кәрі» екенін айтты.[28] Израиль−Хамас соғысындағы Байденнің Израильді қолдағаны оның палестинашыл америкалықтар арасында «Геноцидтік Джо» деп аталып кеткеніне және АҚШ халқы арасындағы Байденді қолдаудың әлсіреуіне әкелді.[29] Алайда осындай және басқа да мәселелерге қарамастан демократтар арасындағы үміткерлердің ең көп қолдау көретіні — Байденнің өзі.

Алғашқы үміткерлері

2024 жылғы 13 наурызда Джо Байден ресми түрде Демократиялық партияның алғашқы кандидаты болды.[30]

Демократиялық партия үміткерлері
Джо Байден Камала Харрис
(президенттікке үміткер) (вице-президенттікке үміткер)
46-
АҚШ президенті
(2021 жылдан)
49-
АҚШ вице-президенті
(2021 жылдан)

Республикалық партия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Республикалық партияның президенттік праймеризінде дауыс берудің ағымдағы нәтижелері (2024).    Дональд Трамп    Никки Хейли

2024 жылғы қаңтарға қарай республикалық үміткерлер арасындағы бұрынғы президент Дональд Трамптың танымалдығы бойынша үстемдігі анық болды, оны Джо Байденнің өзі де мойындады.[31] Трамп Байден әкімшілігі АҚШ-ты «әлсіз және тиімсіз мемлекетке» айналдырдырды деді де, Украина мен Газадағы соғысты шешуге уәде берді. Трамптың сайлауалды науқанына келген ең үлкен нұқсаны оның заңи мәселелері болған; Манхэттен прокуратурасы жалған іскерлік құжаттар жасады және басқа да заңсыз іс жасады деп айып тағылған Трампқа қарсы 34 баптан тұратын айыптау қорытындысын жариялады да, 4 қылмыстық іс бойынша айып көрген Трампқа Колорадо Жоғарғы соты Колорадодағы президенттік сайлауға қатысуға тыйым салды. Шешім күшіне енсе, Трамп бұл штатта сайлана алмайтын болады.[31] Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков сөзінше сол және басқа да себептерден республикашылдардың арасындағы Трампты қолдау екіталай.[21]

Трамп үшін республикашылар арасындағы «ең үлкен саяси қаупі», әрі қарсыласы Флорида губернаторы Рон Десантис болған. Идеологиясы Трамп идеологиясына ұқсағанынан Десантисті «Трамптың жастау түрі», не «ақылы бар Трамп» деп те атаған.[21] Алайда 2024 жылғы 22 қаңтарда Десантис сайлаудағы республикашыл үміткерлікке жарыстан кетті де, Трамптың республикашыл номинацияға жалғыз қарсыласы Оңтүстік Каролинаның бұрынғы губернаторы Никки Хейли болды.[32] Алайда 12 наурызда жеткілікті делегат жинай алған тек Трамп болды да, ол сайлаудағы республикалық партияның атынан қатысатын алғашқы үміткер болды.[33] 15 шілдеде Трамп өз серіктесі ретінде 39 жастағы Огайолық сенатор Джей Ди Вэнсты таңдады.

Алғашқы үміткерлері

2024 жылғы 12 наурызда Дональд Трамп ресми түрде Республикалық партияның алғашқы кандидаты болды.[33]

Республикалық партия үміткерлері
Дональд Трамп Джей Ди Вэнс
(президенттікке үміткер) (вице-президенттікке үміткер)
45-
АҚШ президенті
(2017—2021)
Огайодан сенатор
(2023 жылдан)

Өзге үміткерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Партия ұсынғандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Либертариандық партия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Либертариандық партия атынан кандитаттар
Чейз Оливер Майк тер Маат
Президенттікке Вице-президенттікке
Сату шотының менеджері Экономист
Жасыл партия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жасыл партия атынан кандитаттар
Джилл Стейн
Президенттікке Вице-президенттікке
Дәрігер

Тәуелсіз үміткерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кіші Роберт Ф. Кеннеди

Бастапқыда Демократиялық партияның үміткері болған Роберт Ф. Кеннеди кейін 2023 жылғы қазанда тәуелсіз үміткер болды.[39][40] Кеннеди отбасынан шыққан ол — қастандық теорияларын насихаттайтын экологияшыл заңгер.[41][42][43][44] Кеннеди әсіресе партиясыз және жүйеге қарсы сайлаушылар арасында танымалдыққа ие басты үміткердің бірі болды.[45][46] 2023 жылғы қарашадағы сауалнама ол 1992 жылдан бері екі ірі партиядан тыс кандидаттар арасындағы ең жоғары көрсеткішті болды.[47] 2024 жылғы 26 наурызда Кеннеди Калифорниядағы заңгер Николь Шанаханды өзінің серіктесі ретінде жариялады.

"Біз, халық," партиясының үміткерлері
кіші Роберт Ф. Кеннеди Николь Шанахан
(президенттікке үміткер) (вице-президенттікке үміткер)
Калифорниядағы заңгер Калифорниядағы заңгер, технолог
Корнел Уэст
"Баршаға әділет" партиясының үміткерлері
Корнел Уэст Мелина Абдулла
(президенттікке үміткер) (вице-президенттікке үміткер)
Калифорнияның академигі және саяси белсенді Калифорнияның академигі, азаматтық көшбасшы

Пікірталасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2024 жылғы 15 мамырда Джо Байден видео арқылы Дональд Трампты екі раундтық пікірталасқа шақырды. Соңғысының келісімінен кейін 2024 жылғы сайлау пікірталасының күндері белгіленді:[48]

2024 жылғы 28 маусымда CNN телеарнасында басты екі кандидат, Трамп пен Байден арасында бір жарым сағаттық пікірталас орын алды. Байден сөзінен де, санынан да сүрініп, партияластардың үмітін ақтай алмаған болды да, Трамп жалған мен шындықты араластырып, Байден мен оның әкімшілігіне қарсы көп сөз айтты. Пікірталасты миллиондаған көрермен тамашалады.[26] Көрермендер пікірталаста жеңген деп Дональд Трампты таныды, ол дауыстың 67% жинаған болса, Байден 33% жинай алды.[49]

Қоғамдық пікір

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Байден мен Трамп
Дереккөзі Жасалған күні Жаңартылған күні Джо
Байден

Демократиялық
Дональд
Трамп

Республикалық
Басқа таңдағандар/
Шешпегендер
Үстемдік
RealClearPolitics 3–28 маусым 2024 28 маусым 2024 44.8% 46.7% 8.5% Трамп
+1.9
Race to the WH — 27 маусым 2024 27 маусым 2024 45.5% 46.0% 8.5% Трамп
+1.1
Decision Desk HQ/The Hill — 27 маусым 2024 27 маусым 2024 43.9% 44.7% 11.5% Трамп
+0.8
Орташа көрсеткіш 44.7% 45.8% 9.5% Трамп
+1.1
Байден, Трамп пен Кеннеди
Дереккөзі Жасалған күні Жаңартылған күні Джо
Байден

Демократиялық
Дональд
Трамп

Республикалық
Роберт Ф.
Кеннеди

Партиясыз
Қалғандары/
Шешпегендері
Үстемдік
Decision Desk HQ/The Hill — 29 маусым 2024 29 маусым 2024 39.4% 41.0% 7.3% 12.1% Трамп
+1.4
Race to the WH — 29 маусым 2024 29 маусым 2024 40.6% 41.3% 9.0% 8.9% Трамп
+0.7
Орташа көрсеткіші 40.1% 41.3% 9.5% 9.1% Трамп
+1.2%

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Election Planning Calendar  (ағыл.). Эссекс округі, Вирджиния. Мұрағат көшірмесі 7 ақпанның 2016 Wayback Machine мұрағатында
  2. Kinery, Emma Biden launches 2024 reelection campaign, promising to fulfill economic policy vision  (ағыл.). CNBC (25 April 2023). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  3. Singman, Brooke Donald Trump announces 2024 re-election run for president  (ағыл.). Fox News (7 November 2022). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 16 қарашаның 2022 Wayback Machine мұрағатында
  4. Gold, Michael; Nehamas, Nicholas Donald Trump and Joe Biden Clinch Their Party Nominations  (ағыл.). The New York Times (13 March 2024). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 13 наурыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
  5. Weisman, Jonathan Pressured by Their Base on Abortion, Republicans Strain to Find a Way Forward  (ағыл.). The New York Times (11 March 2023). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 11 сәуірдің 2023 Wayback Machine мұрағатында
  6. Colvin, Jill; Miller, Zeke Trump says he will renew efforts to replace ‘Obamacare’ if he wins a second term  (ағыл.). Associated Press (27 November 2023). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 4 желтоқсанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  7. Manchester, Julia Republicans see education as winning issue in 2024  (ағыл.). The Hill (29 January 2023). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 4 желтоқсанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  8. Cook, Charlie Will 2024 Be About the Economy, or the Candidates?  (ағыл.). Cook Political Report (2 March 2023). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 25 наурыздың 2023 Wayback Machine мұрағатында
  9. Ward, Alexander; Berg, Matt Will 2024 Be About the Economy, or the Candidates?  (ағыл.). Politico (20 October 2023). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 20 қарашаның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  10. Arnsdolf, Isaac Donald Trump brags about efforts to stymie border talks: 'Please blame it on me'  (ағыл.). The New York Times. Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 28 қаңтардың 2024 Wayback Machine мұрағатында
  11. Here's where the 2024 presidential candidates stand on LGBTQ+ issues  (ағыл.). ABC News (4 October 2023). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 6 желтоқсанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  12. Gongloff, Mark Opinion: The 2024 election just might turn on … climate change?  (ағыл.). Portland Press Herald (30 January 2024). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 13 ақпанның 2024 Wayback Machine мұрағатында
  13. Field, Gary; Sanders, Linley Americans agree that the 2024 election will be pivotal for democracy, but for different reasons  (ағыл.). Associated Press (15 December 2023). Тексерілді, 5 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 16 желтоқсанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  14. Brett Samuels Trump releases 12-page response to Jan. 6 hearing  (ағыл.) (13 June 2022).
  15. Andrew Feinberg Trump demands ‘new election immediately’ in bizarre post on Truth Social  (ағыл.) (29 August 2022).
  16. Dan Balz, Clara Ence Morse American democracy is cracking. These forces help explain why  (ағыл.) (18 August 2023).
  17. David Leonhardt ‘A Crisis Coming’: The Twin Threats to American Democracy  (ағыл.) (21 June 2023).
  18. Lauren Gambino With the US election a year away, most Americans don’t want Biden or Trump  (ағыл.) (5 November 2023).
  19. Allan Smith, Henry J. Gomez As Democrats press 'threat to democracy' in campaign's final days, few GOP candidates still want to talk about 2020  (ағыл.) (8 November 2022).
  20. Megan Schumann Is Our Democracy Under Threat?  (ағыл.) (26 October 2022).
  21. a b c d e АҚШ-тағы 2024 жылғы президент сайлауы: негізгі үміткерлер кімдер  (қаз.). kazinform (3 ақпан 2023). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  22. Halpert, Madeline; Drenon, Brandon Colorado Supreme Court kicks Trump off ballot, citing 'insurrection'  (ағыл.). BBC News (20 December 2023). Тексерілді, 29 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 20 желтоқсанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  23. Smith, Mitch Judge Orders Trump Removed From Illinois Primary Ballot  (ағыл.). The New York Times (28 February 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 29 ақпанның 2024 Wayback Machine мұрағатында
  24. a b Freiman, Jordan; Kaufman, Katrine; Kazarian, Grace Maine secretary of state disqualifies Trump from primary ballot  (ағыл.). CBS News (28 December 2023). Тексерілді, 29 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 29 желтоқсанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  25. Frtize, John; Cole, Devan; Cohen, Marshall Supreme Court keeps Trump on Colorado ballot, rejecting 14th Amendment push  (ағыл.). CNN (4 March 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 29 желтоқсанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  26. a b Рысбек, Арыстан Байден мен Трамп алғаш рет теледебат өткізді  (қаз.). Qazaqstan (28 маусым 2024). Тексерілді, 29 маусым 2024.
  27. Weissert, Will Here’s why it would be tough for Democrats to replace Joe Biden on the presidential ticket  (ағыл.). Associated Press (28 June 2024). Тексерілді, 29 маусым 2024.
  28. a b Yang, Maya Majority of voters think Biden is too old to be effective president, new poll says  (ағыл.). The Guardian (3 March 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  29. Kukreti, Shweta Biden heckled by pro-Palestine supporter during Georgia campaign, ‘You’re a dictator too genocide Joe’  (ағыл.). Hindustan Times (10 March 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  30. Miller, Zeke President Joe Biden has won enough delegates to clinch the 2024 Democratic nomination  (ағыл.). Associated Press (13 March 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  31. a b Бигалиева, Гүлвира Дональд Трамп республикашылар арасында көш бастап тұр  (қаз.). КУРСИВ (16 қаңтар 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  32. Peoples, Steve; Beaumount, Thomas; Ramer, Holly DeSantis drops out of presidential race, leaving Trump and Haley to face off in New Hampshire  (ағыл.). Associated Press (22 January 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  33. a b Allison, Natalie It’s official: Donald Trump is the GOP’s presumptive presidential nominee  (ағыл.). Politico (12 March 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  34. Peter Sonski Chosen as American Solidarity Presidential Nominee on First Ballot  (ағыл.). Independent Political Report (5 June 2023). Тексерілді, 14 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі 28 қазанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  35. Prohibition Party Chooses National 2024 Ticket | Ballot Access News  (ағыл.) (10 May 2023). Тексерілді, 14 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі 29 қарашаның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  36. Party for Socialism and Liberation Announces 2024 Presidential Ticket  (ағыл.). Independent Political Report (11 September 2023). Тексерілді, 14 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі 13 қыркүйектің 2023 Wayback Machine мұрағатында
  37. Redpath, Bill Socialist Party USA Nominates Presidential Ticket  (ағыл.). ballot-access.org (23 October 2023). Тексерілді, 3 қаңтар 2024. Мұрағат көшірмесі 20 қарашаның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  38. Conversations with Tom Ross: The Transhumanist Party's 2024 Presidential Candidate  (ағыл.). scientificinquirer.com (10 October 2023). Тексерілді, 3 қаңтар 2024. Мұрағат көшірмесі 20 қарашаның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  39. Anti-vaccine activist RFK Jr. launches presidential campaign. Associated Press (19 сәуір 2023). Тексерілді, 1 мамыр 2023. Мұрағат көшірмесі 30 сәуірдің 2023 Wayback Machine мұрағатында
  40. Gibson, Brittany; Zhang, Andrew RFK Jr. announces he will run as an independent candidate  (ағыл.). Politico (9 October 2023). Тексерілді, 9 қазан 2023. Мұрағат көшірмесі 19 қазанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  41. Oshin, Olafimihan Auschwitz Memorial says RFK Jr. speech at anti-vaccine rally exploits Holocaust tragedy  (ағыл.). The Hill (23 January 2022). Тексерілді, 27 қаңтар 2022. Мұрағат көшірмесі 24 қаңтардың 2022 Wayback Machine мұрағатында
  42. Guests urged to be vaccinated at anti-vaxxer Robert F Kennedy Jr's party  (ағыл.). The Guardian (18 December 2021). Тексерілді, 27 қаңтар 2022. Мұрағат көшірмесі 18 желтоқсанның 2021 Wayback Machine мұрағатында
  43. Dorn, Sara RFK Jr. Makes Unfounded Claims About Mass Shootings, Covid-19: Here Are All The Conspiracies He Promotes  (ағыл.). Forbes. Тексерілді, 22 маусым 2023. Мұрағат көшірмесі 22 маусымның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  44. Robert F. Kennedy Jr.'s Conspiracy Theories Go Beyond Vaccines (11 қазан 2023). Тексерілді, 12 қазан 2023.
  45. 2024 Presidential Race Stays Static In The Face Of Major Events, Quinnipiac University National Poll Finds; RFK Jr. Receives 22% As Independent Candidate In 3-Way Race  (ағыл.). Quinnipiac University Polling Institute (1 November 2023). Тексерілді, 2 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі 2 қарашаның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  46. In 3-Way Race, Independent Robert Kennedy Jr. Garners 24% Across 6 Battleground States; Trump 35%, Biden 33%, Kennedy 24%; RFK Noses Ahead Among Voters Under 45. Siena College Research Institute (7 қараша 2023). Мұрағат көшірмесі 13 қарашаның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  47. Enten, Harry How RFK Jr. could change the outcome of the 2024 election  (ағыл.). CNN (11 November 2023). Тексерілді, 11 сәуір 2024.
  48. Scherer, Michael; Dawsey, Josh Biden and Trump agree to CNN debate in June, ABC faceoff in September  (ағыл.). The Washington Post (16 May 2024). Тексерілді, 2 шілде 2024.
  49. Edwards-Levy, Ariel CNN Flash Poll: Majority of debate watchers say Trump won debate over Biden  (ағыл.). CNN (28 June 2024). Тексерілді, 28 маусым 2024. Мұрағат көшірмесі 28 маусымның 2024 Wayback Machine мұрағатында