Ақ тұт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ақ тұт

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Rosales
Тұқымдасы: Тұт тұқымдасы
Тегі: Тұт
Түрі: M. alba
Екі-есімді атауы
Morus alba
Карл Линней 1753

Ақ тұт (лат. Morus alba) – тұт тұқымдасы тұт туысына жататын ағаш.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында кездеседі, кейде жабайыланып кетеді.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Биіктігі 15 – 20 м, бұтақтары сұрғылт қоңыр, жас бұтақтары үлпілдек болады.
  • Бүршіктерінің пішіні жұмыртқа тәрізді (ұзындығы 6 мм-дей).
  • Жапырақтары 2-5 қалақшалы, қауырсынды тарамдалған, жиектері тісті тілімденген (ұзындығы 6-15 см, ені 4-10 см).
  • Тозаңқаптық сырғалары цилиндр тәрізді (ұзындығы 3 см), аналық сырғалары сопақша келген.
  • Гүлсерігінің сырты жалаңаш, шеттері тісті болып келеді. Аналық аузын ұсақ бүртіктер жапқан. Ақшыл жасыл, қызғылт, қара қошқыл түсті жемісшоғыры гүлтабанында жетіледі.
  • Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жемісі – шырыны аз, жалған сүйекше.

Шаруашылықтағы қолданысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақ тұтты негізінен жібек көбелегінің қорегі ретінде өсіреді. Жемісінің құрамында қант көп болғандықтан, тағамға, спирт алуға пайдаланылады. Ағаш тінінен (луб) жіп, арқан, картон, қағаз, жапырақтарынан сары және қара бояу алынады. Тұқымында 30%-ға дейін май болады. Жалпы ағаштың құрамы илік заттарға бай, сүрегі қатты, одан әр түрлі ағаш бұйымдары жасалынады. Әсемдік өсімдік, кейде оларды көшені көгалдандыру үшін отырғызады. Ақ тұт Маңғыстау облысында Солтүстік Үстірттен және Маңғышлақтан табылып, облыстың Қызыл кітабына енгізілген.

Гүлдер

Жемістер

қабық

Ағаш

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том